Елімізге іздеуде жүрген 346 адам қайтарылды

765

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында айтылды.  

Елімізге іздеуде жүрген 346 адам қайтарылды

Соңғы 5 жылда осыған дейін ел аумағында іздестірілген 518  адамға халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі 

Сенатор Нұрлан Бекназаровтың баяндауынша, 2016 жылдан бастап 2021 жылдың 1 тоқсанына дейін 518 іздеуде болды. Ел аумағынан табылмауына байланысты олар басқа елдерге берілді. 

"Бірінші сәуірдегі жағдай бойынша құқық қорғау органдарының өкілдері 2 341 адамды іздестіріп жатқаны белгілі болды. Бұлардың 750-і –мемлекетаралық, 1 591-і –халықаралық іздеуде жүрген адамдар, – деді Нұрлан Бекназаров. 
Сенатордың дерегінше күні бүгінге дейін елімізге іздеуде жүрген 346 адам қайтарылды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу