Әлемнің 15 елінен Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 млн 200 мың медициналық маска, 98 өкпені жасанды желдету аппараты, 260 мың тест жүйесі, 3 мыңға жуық тепловизор мен термометр жеткізілді.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев осылай деді.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, ҚХР, АҚШ, Ресей, БАӘ, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Катар, Өзбекстан және халықаралық ұйымдар мен компаниялар, шет мемлекеттердің қайырымдылық қорлары және жеке тұлғалар елімізге жан-жақты қолдау көрсеткен.
"Гуманитарлық көмек қаншалықты ауқымды болса да, үлкен жүк үкіметке, республикалық бюджетке түсіп отыр. Ең үлкен жауапкершілік денсаулық сақтау министрлігі мен денсаулық сақтау жүйесіндегі әріптестерімізге жүктелген", – деді Ержан Ашықбаев.
Қанат Махамбет