Елімізге карантиндік өнімдер әкелуде 145 заңбұзушылық анықталды

168

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары мәлімдеді.  

Елімізге карантиндік өнімдер әкелуде 145 заңбұзушылық анықталды Фото: mk-turkey.ru

Олар үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде анықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің жолы кесілді. Негізгі себептер – фитосанитариялық сертификаттардың болмауы, карантиндік объектілердің табылуы және белгіленген нормалардың сақталмауы.

Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жұмыстар елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің таралуын болдырмауға және ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу