Украина президенті Владимир Зеленский кезекті үндеуінде украиндар көрсеткен табандылық Ресейді өз тактикасын өзгертуге мәжбүр еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Ресейдің Украина қалаларына зымыран ұшыруы – біздің жерімізде айтарлықтай маңызды ештеңе жасай алмағандығын мойындауы. Қорғанысымыздың барлық желісін сақтап қалдық. Стратегиялық бағыттардың ешқайсысында жауымыз жеңіске жеткен жоқ", – деді Зеленский.
Украина президенті "әскери операция" салдарынан қирап қалған қалаларды қалпына келтіретінін айтты.
"Ресейге айтарымыз: репарация және контрибуция сөздерін үйрене беріңіздер. Мемлекетімізге қарсы, әрбір украинға қарсы жасаған барлық істеріңізді толық көлемде өтейсіздер", – деп басып айтты ол.
Табиғат Нұрболат
Фото: gettyimages.com