Елімізге Кореяның сыртқы істер министрі ресми сапармен келеді

824

Елімізге Кореяның сыртқы істер министрі ресми сапармен келеді

Бүгін елімізге Корея сыртқы істер министрі ресми сапармен келеді. Ол әріптесі Қайрат Әбдірахмановпен екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған, деп хабарлайды 24.kz.

Екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Қазақстан мен Корея сауда экономикалық серіктестігін одан ары дамыту жайын талқылайды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырып, Корей түбегіндегі ахуал бойынша пікір алмасады.

Айта кетейік, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына – 26 жыл. Осы уақыт аралығында түрлі салаларда әріптестік қарқын алды. Мәселен, былтырғы жылдың 11 айында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 1 жарым млрд АҚШ долларына жуықтады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу