Елімізге педофилдердің кіруіне тыйым салынады

428

Бұл тыйым экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге қатысты да қолданылады. 

Елімізге педофилдердің кіруіне тыйым салынады Фото: ved-services.ru

Мәжілістің жалпы отырысында халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Заң жобасы Сенат қарауына жіберіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты таныстырған депутат Магеррам Магеррамовтың сөзінше, заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған. Құжаттарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға келуін, сондай-ақ ел азаматтығын алуын шектеу ұсынылады. Сонымен қатар экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.

Бұдан бөлек түрмелер мен колониялардағы бейнебақылау жүйелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалады.

"Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша заңда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі бейнебақылау құрылғыларын қасақана бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Осыған орай заңның мазмұны тек көші-қон саласындағы ғана емес, басқа да салалардағы заңнаманы қамтығандықтан атауы да өзгертілді. Бұл қылмыс үшін жаза енгізу ұсынылады: сотталғандарға – негізгі өтеу мерзіміне қосымша екі жылға дейін, қызметкерлерге – 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу", - делінген құжатқа қоса берілген түсіндірмеде.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар жарамды болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу