Елімізге Pfizer вакцинасы 2021 жылдың екінші жартысында жеткізілуі мүмкін

870

Қазақстан Pfizer вакцинасын жеткізуге қамданып жатыр.

Елімізге Pfizer вакцинасы 2021 жылдың екінші жартысында жеткізілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі америкалық өндірушімен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Atameken Business.

Енді билік өкілдері вакцинаны Қазақстан аумағына жеткізуге талқылаулар жүрігізіп, арнайы құжаттар дайындап жатыр. Алдын ала болжамға сай, коронавирусқа қарсы екпе қазақстандықтар үшін екінші жартыжылдықтан бастап қолжетімді болуы мүмкін. Денсаулық сақтау вице-министрі вакцинаның тапшы екенін айтады. Сондықтан өндіруші компания басқа елдер алдындағы міндеттемелері әлі шешілген жоқ. Ерлан Қиясов барынша көп адамды қамту үшін бұл екпе науқанын ерте бастауды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу