2018 жылғы 2-3 тамызда Үндістанның сыртқы істер министрі, Сушма Сварадж ханым Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды egemen.kz.
Сапар барысында Сушма Сварадж ханым мен ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мырза екіжақты кездесу өткізеді.
2-тамызда Үндістанның сыртқы істер министрі Үнді қауымдастығымен кездеседі. 3 тамызда еліміздің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен ілтипат кездесуі өтеді.
Үндістан мен Қазақстанның қарым-қатынасы сан ғасырлық тарихи және мәдени байланыстарға негізделеді. Үндістан мен Қазақстан екіжақты және көп жақты қарым-қатынастың әрбір саласында жан-жақты ынтымақтастықты арттырып, 2009 жылдан бастап стратегиялық серіктестер саналады. Бұл сапар Үндістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі арттыруға мүмкіншілік береді.