Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,7%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.
Ресуртың жазуынша, былтыр шетелдік инвестициялар ағыны соңғы жылдардағы рекорд орнатқан. Осыған дейін жоғары көрсеткіш тек 2012 жылы тіркелді (28,9 млрд доллар).
2022 жылы шетелдік инвестициялардың негізгі көлемі тау-кен өнеркәсібіне тиесілі: 12,1 млрд доллар. Үздік үштікке өңдеу өнеркәсібі (5,6 млрд доллар) мен сауда (5,1 млрд доллар) секторлары кіреді. Аталмыш үш салаға тартылған инвестициялардың 81,5%-ы тиесілі.
Тікелей шетелдік инвестициялардың үлкен ағыны елімізге Нидерландыдан жіберілді: 8,3 млрд доллар. Бір жыл ішінде бұл сома 17,7%-ға артқан. Екінші орында АҚШ орналасты: 5,1 млрд доллар. Жылдық өсім 81,9 пайызды құрады. Үштікті Швейцария қорытындылады: 2,8 млрд доллар.
Қазақстанның ірі инвесторларының ондығына Бельгия (1,6 млрд доллар), Ресей (1,5 млрд доллар), Оңтүстік Корея (1,5 млрд доллар), Қытай (1,4 млрд доллар), Франция (770,2 млн доллар), Ұлыбритания (661 млн доллар) және Германия (469,5 млн доллар) елдері кіреді.
Өңірлер тұрғысынан қарастырсақ, тікелей шетелдік инвестициялардың ең үлкен көлемі Атырау облысында: 8,3 млрд доллар. Үздік үштік қатарында Алматы (7,6 млрд доллар) мен Астана (2,2 млрд доллар) қалалары бар.