Елімізге "Sinopharm" вакцинасының 750 мың дозасы жеткізіледі

975

Коронавирусқа қарсы екпе Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАЭ) өндірілген.

Елімізге "Sinopharm" вакцинасының 750 мың дозасы жеткізіледі

Қазақстанға қытайлық "Sinopharm" компаниясы әзірлеген COVID-19 вирусына қарсы екпенің 750 мың дозасы жеткізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгін біз қытайлық "Sinopharm" компаниясының технологиясы бойынша әзірленген араб вакцинасын аламыз. Біз екпені күтіп отырмыз. Ол Қазақстан өңірлеріне жеткізіледі. "Самұрық-Қазына" қорынан басқа, негізгі партия 750 мың доза тұрғындарға арналған. Ол өңірлердің арасында тең бөлінеді", - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде. 

Оның айтуынша, елімізде коронавирусқа қарсы 3 екпе салынады: ресейлік "Спутник V", қазақстандық "QazVac" және қытайлық "Sinopharm" әзірлеген Hayat-Vax вакцинасы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу