Елімізге Сирия мен Ирактағы әскери ұрыс аймақтарынан 39 жанұя әкелінді

763

Оның 91-і бала, 50-і мектеп жасында, қалғаны әлі әріп те танымайды.

Елімізге Сирия мен Ирактағы әскери ұрыс аймақтарынан 39 жанұя әкелінді

Соғыс аймақтарынан келген мұндай жеткіншіктер осы күні өздерінен кіші балалармен оқып жүр. Айталық 18 жастағылары 15 жасар жасөспірімдермен бір сыныпта білім алып келеді. Себебі оқудан қалып қойған, деп хабарлайды 24.kz.

Қантөгіс көріп келген мұндай балаларды біздің қоғамға бейімдеу үшін елде 9 орталық жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы ашылмақ. 

"Тағы 3 орталық ашайық деп отырмыз. Келесі жылдан бастап Алматы, Жамбыл облысында үшіншісін жылдың аяғында шешеміз. Мектеп жасындағы балалар Сирия мен Иракта туған немесе 1-2 жасында әке-шешелері сол жаққа әкеткен. Олар араб тілінде оқыған. Кейбірі мүлдем білім алмаған. Оларға қосалқы білім беру жүргізіліп жатыр", – ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ержан Ерсайынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу