1,5 мың тоннадан астам қолданылған көлік шиналары заңсыз жеткізілген

487

Мұндай заңбұзушылықты бас көлік прокуратурасы анықтады.  

1,5 мың тоннадан астам қолданылған көлік шиналары заңсыз жеткізілген Фото: pixabay.com

Бас көлік прокуратурасы тексеру барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тыйымды айналып өтіп, қолданылған шиналарды дөңгелек дискілерімен бірге әкелетінін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның кеден заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың нормалары денсаулық пен экологияға қауіпті тауарлардың әкелінуін қатаң реттейді. Олардың қатарына тек арнайы бір жағдайларда ғана әкелуге рұқсат етілетін, қолданылған автокөлік шиналары (ТН СЭҚ коды 4012) кіреді.

"Мәселен, биыл сәуір-маусым айларында бір өңірде салмағы 1,5 мың тоннаға жуық қолданылған шиналардың 159 заңсыз әкелу дерегі тіркелді. Тағы бір өңірде өткен жылдары 200 тоннадан астам осындай өнім әкелінген. Мұндай шиналар қауіпті қалдықтар ретінде жіктеледі, олардың пайдаланылуы жол қозғалысы қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін", – деп хабарлады бас көлік прокуратурасы.

Прокуратураның араласуынан кейін Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауды күшейтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу