Елімізге тартылған инвестицияның 70 пайызға жуығы тау-кен өндірісіне тиесілі

839

Елімізге тартылған инвестицияның 70 пайызға жуығы тау-кен өндірісіне тиесілі

"Жас Отан" IV съезінде "Kazakh Invest" ҰК басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев өңдеу саласына инвестициялар тарту қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Қазақстанға тартылған барлық инвестициялардың шамамен 70% тау-кен өндірісі саласына бағытталған. Индустрияландыру процесінің арқасында 2006 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялардың үлесі екі есеге ұлғайтылды. Сандармен айтар болсақ, бұған дейін бұл көрсеткіш 7% болды, бүгінде шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 15% өңдеу секторына жіберіледі. Яғни нәтиже бар", - деді Рустам Исатаев "Қазақстанда жасалған" секциялық отырысында сөйлеген сөзінде.

Егер 2005 – 2010 жылдар аралығында шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $6 млрд құраса, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудың жеті жылының қорытындысы бойынша 2010 жылдан 2016 жылға дейін $25 млрд-қа жуық инвестиция тартылған.

Рустам Исатаев Kazakh Invest инвесторлар мәселесін жылдамырақ шешіп отырғанын айтып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу