Елімізге туристік мақсатта келгендер саны 34%-ға артты

744

Шетелге шығып демалғандардың саны 845,2 мың адамды құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 60,1%-ға артық.

Елімізге туристік мақсатта келгендер саны 34%-ға артты

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

"Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2022 жылғы бірінші тоқсанда туризм көрсеткіштері анағұрлым өскен. Шетелге шығып демалғандардың саны 845,2 мың адамды құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 60,1%-ға артық. Елімізге туристік мақсатта келгендердің саны 293,2 мың адамды құрады, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 34,3%-ға көп", – деп жазылған хабарламада.

Ішкі туризм бойынша да жағымды динамика байқалған. Демалыс орындарына орналастырылғандар саны 1 131,9 мың адам, былтырғы кезеңмен салыстырсақ, өсім 21,6%-ды құрап отыр. 

"Келушiлерді орналастырумен айналысатын объектілер саны 3 756 бірлікті құрады, ондағы бөлмелер саны 80 983. Олар  1 229 мың адамға  26270,2 млн теңге сомасына қызмет көрскен. Орналастыру орындарының көрсеткен қызмет көлемi (мейрамханаларда көрсетілетін қызметтерiн қоспағанда) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,7%-ға артты", – деп хабарлады бюро. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу