Елімізге ұшақпен келген жолаушылардың 82%-ында ПТР-анықтама болған

744

Олардың барлығы – Қазақстан азаматтары.  

Елімізге ұшақпен келген жолаушылардың 82%-ында ПТР-анықтама болған

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіның хабарлауынша 2020 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 734 әуе жолаушыларының ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасымен 2 253 адам, анықтамасыз 481 адам болды. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары. 

Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 639 жолаушы, анықтамамен - 1 402, анықтамасыз - 237;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 059 жолаушы, анықтамамен - 815; анықтамасыз - 244;
- Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 30 жолаушы анықтамамен келген.
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-тест әдісімен сынама тапсырды және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 12 желтоқсанында анықтамасыз келген 243 адамның ПТР сынамалары теріс нәтиже көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу