Элина Михина жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының "күмісін" еншіледі

786

Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. 

Элина Михина жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының "күмісін" еншіледі

Алғашқы жарыс күнінде ел Элина Михина ел қоржынына күміс медаль салды деп жазады Olympic.kz.

Біздің спортшы 400 метрге жарысудан жүлдеге ілікті. Ол аталған қашықтықты 53.18 секундта жүгіріп өткен. 

Бірінші орында бахрейндік Сальва Насер (51.34), үшіншы сатыда үндістандық Пувама Раджу Мачеттир (53.21). 

Айта кетелік, Михаил Литвин ерлер арасындағы финалдық бәсекеге жолдама алды. Жартылай финалда ол 400 метрді 45.38 секундта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордын орнатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу