Еліне қайтып жатқан өзбекстандықтар Жібек-жолы бекетінде кезекте тұр

1177

Сарыағаш аудандық полицейлері мен тұрғындары бірнеше күн шекарада тұрып қалған 700-ге жуық өзбекстандық азаматқа қолдау көрсетті.

Еліне қайтып жатқан өзбекстандықтар Жібек-жолы бекетінде кезекте тұр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек-жолы бекетінде карантинге байланысты басқа елдерде жұмыс істейтін Өзбекстан азаматтары Қазақстан арқылы еліне өту үшін 2-3 тәуліктеп кезекте тұр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полицейлері мен тұрғындары бірнеше күн шекарада тұрып қалған 700-ге жуық өзбекстандық азаматқа қолдау көрсетті. Оларды ыстық тамақ, уақытша жатын орынмен қамтамасыз етіп, барынша қолдан келген көмектерін берді. ​​​​​​​

"Ауа-райы да бұзылып, далада қалдық. Осы сәтте, бізге полицейлер көмектесіп, адамгершілік үлгісін көрсетіп жатыр. Қазақстанның қонақжайлылығына ризамыз. Ыстық тамақ пен паналайтын жер тауып берді. Елімізге тездетіп өтуге ықпал жасап жатыр. Ризамын. Көп рахмет",– деп шынайы ықыластарын жеткізуде олар.

​​​​​​​​​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу