Үміткер бойжеткендерге қойылатын талаптар – жоғарғы немесе орта-арнайы білімінің болуы; спорттың жауынгерлік түрлерінің бірі бойынша спорттық, біліктілік разрядтардың болуы; жасы – 35 жастан төмен болуы; бойы 165 сантиметрден биік болуы керек.
"Егер сіз шыдамды, төзімді, физикалық тұрғыдан шыныққан және қаланың игілігі үшін қызмет етуге дайын болсаңыз, онда бұл қызмет сізге арналған. Біз тұрақты жалақы (200 мың теңгеден бастап), мансаптық өсу және әлеуметтік қамсыздандыру ұсынамыз", – делінген Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің хабарламасында.
Онда полиция қызметкерлері мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспанамен қамтамасыз ету құқығына ие екені айтылады.
Тәртіп сақшыларының міндетті түрде әлеуметтік сақтандырылатыны да көрсетілген.
Үкімет белгілеген шекте құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлеріне жеңілдіктер мен артықшылықтар да берілетін көрінеді.
Олардың өздері де, олардың отбасы мүшелері де медициналық және санаторийлік-курорттық тегін қызметтер алады.
Осыған қызыққан және талаптарға сай келетін қыздар болса, барлық сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласа алады: 8 (7172) 71-62-75, 8-776-241-87-95.
Жанат Ардақ