Элиталық саяжай, демалыс аймағы: Түркістанда шенеуніктер жер телімдерін негізсіз пайдаланған

363

Аталған деректер бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды.

Элиталық саяжай, демалыс аймағы: Түркістанда шенеуніктер жер телімдерін негізсіз пайдаланған Фото: inbusiness.kz

Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақтарда орналасқан 270 жер учаскесін элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның мәліметінше, аталған өңірде азаматтарға жалған құжаттар ұсыну арқылы 26 жер учаскелерін рәсімдегені және 28 жер учаскелерінің орнын заңсыз өзгерту фактілері болған. 

"Жергілікті атқарушы органдар Түркістан қаласы, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы 200 ауылшаруашылық жерлерінің нысаналы мақсаттарын негізсіз тұрғын үй құрылысы және демалыс аймақтарына өзгерткен", делінген прокуратура хабарламасында. 

Аталған деректердің негізінде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және алаяқтық фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды. 

"Бұдан бөлек прокурорлардың ұсынысы негізінде мемлекеттік органдар 400-ден астам жерді мемлекет меншігіне қайтару процесін бастады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу