Элизабет Тұрсынбаева Алматыда өзінің атынан ағаш екті

954

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет PROSPORT спорттық медицина және заманауи оңалту орталығында ем-дом қабылдады.  

Элизабет Тұрсынбаева Алматыда өзінің атынан ағаш екті

Мәнерлеп сырғанаудан 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева бүкіләлемдік бокс академиясының ауласына өзінің атынан шырша отырғызды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы қыз Алматыға арқа жарақатын емдеп, денсаулығын қалпына келтіру мақсатында арнайы келген. Жарақатының кесірінен Тұрсынбаева бірнеше халықаралық ірі жарыстарға қатыспауға мәжбүр.

Қазақстанға сапары аясында ол "Чемпиондар аллеясына" өзінің атынан ағаш отырғызып, дәстүрлі спортшылар науқанына қосылды.

"Біз AIBA спорт базасына  жарақатты емдеп, денсаулығымды жақсарту мақсатында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұсынысымен арнайы ұшып келдік. Орталықта екі аптаға жуық ем қабылдадық. Нәтижесін енді жаттығу барысында көретін боламыз. Желтоқсанда Илья Авербуханың шоуында өнер көрсетуді жоспарлап отырмын. Спорт базасының ауласына өзімнің атымнан шырша отырғыздым. Отырғызып жатқанда жауын жауып кетіп, қызық болды. Бірақ, ағаш егіп жатқанда мақтаныш сезімі кернегені рас. Шыршамды баптасам, биік болып өседі деп ойлаймын (күліп)", – дейді Элизабет Тұрсынбаева.

Сонымен қатар, Элизабет Тұрсынбаева Алматыға сапары барысында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің 22 маусым күні ашылған мемориалына барды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу