Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында жоғары орын алғандар галабағдарламада өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева өз өнерін өмірден ерте кеткен Денис Тенге арнады.
Элизабет Қазақстанның көк байрағын сан жарыста биікке желбіретіп, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының жүлдегері атанған Денис Тенге деген құрметін осылайша білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу