Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирдің жеңімпазы болды

778

Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирдің жеңімпазы болды

Минск қаласында мəнерлеп сырғанаудан өткен "ICE STAR" халықаралық турнирде Элизабет Тұрсынбаева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Қызылорда әкімінің баспасөз қызметі.

Он екі елдің мəнерлеп сырғанаушылары қатысқан турнирде Элизабет қысқа жəне еркін бағдарламалар бойынша табысты өнер көрсетіп, еліміздің абыройын асқақтатты.

Екінші орынды ресейлік Серафима Саханович, үшінші орынды корейлік So Hyun An еншіледі.

Енді Элизабет осы жылдың 17-19 қараша аралығында Францияда өтетін "Internationaux de France" Гран-приі жарысына, содан кейін Қытайдың Шанхай қаласындағы халықаралық турнирге қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу