Элизабет Тұрсынбаева маусым соңына дейін үш ірі сайысқа қатыспақ

744

Жаңа жылда Элизабет қатысатын ең бірінші жарыс – АҚШ-та өтетін төрт құрлық турнирі. Содан соң, наурыз айының басында студенттердің қысқы Универсиадасы алауын жағады. Сол сында ел намысын қорғау Элизабетке тапсырылды.

Элизабет Тұрсынбаева маусым соңына дейін үш ірі сайысқа қатыспақ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жаңа жылдағы ең алғашқы жарысы – Төрт құрлық турнирі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа жылда Элизабет қатысатын ең бірінші жарыс – АҚШ-та өтетін төрт құрлық турнирі. Содан соң, наурыз айының басында студенттердің қысқы Универсиадасы алауын жағады. Сол сында ел намысын қорғау Элизабетке тапсырылды.

"Ал жылды қорытындылайтын дода – Жапонияда өтетін әлем чемпионаты. Міне, маусым соңына дейін осы үш турнирде жақсы өнер көрсету міндеті тұр алда. Қазір Элизабет Этери Тутберидзе тобында жаттығуда. Дайындық ойдағыдай өтіп жатыр",  – дейді Байтақ Тұрсынбаев. 

Еске сала кетейік, "Төрт құрлық чемпионаты" 5-10 ақпан аралығында АҚШ-тың Анахайм қаласында өтеді. Әйелдер арасындағы турнирдің былтырғы жеңімпазы  – жапониялық Каори Сакомото. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу