Пхенчханда өтіп жатқан ақ Олимпиадада мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Үздік 24 спортшының қатарына енген спортшы қыз еркін бағдарламаға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тұрсынбаева 57,95 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұр. Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова небәрі 44.40 ұпай жинап, үздіктер қатарына ене алмады.
Айта кетейік, 18 жастағы екі қыз да Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсетіп жатыр.
Еске салайық, 2017 жылы сәуірде Тұрсынбаева әлем чемпионатында тоғызыншы орынды иеленіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу