Мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева 16-18 қараша күндері Ресейде өтетін "Ростелеком" кубогіне қатысады, деп жазады Olympic.kz.
Гран-при санатындағы турнирге әлемнің үздік спортшылары қатыспақ.
Атап айтар болсақ, Алина Загитова, Вакаба Хигучи, Грейси Голд, Юра Мацуда сынды мәнерлеп сырғанаушылар Элизабетке басты қарсылас атанады.
Жаңа маусымды жаңа бапкермен бастаған Тұрсынбаева Skate Canada турнирінде үздік алтылыққа енген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу