Элизабет Тұрсынбаева ресейлік спортшылар үшін қауіпті қарсылас – Илья Авербух

850

Танымал ресейлік бапкер Илья Авербух Сайтамадағы әлем чемпионатында сынға түсіп жатқан Элизабет Тұрсынбаеваның өнеріне баға берді. 

Элизабет Тұрсынбаева ресейлік спортшылар үшін қауіпті қарсылас – Илья Авербух

Сарапшының айтуынша, биылғы маусымда Тұрсынбаева ресейлік спортшылар үшін қауіпті қарсылас атанған, деп хабарлайды olympic.kz. 

Бұл туралы Авербух Ресейдің "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. 

"Ол толық бағасын алып үлгермеген спортшы. Еркін бағдарламадан соң да Лизаның үздік үштікте қалатын мүмкіндігі зор. Универсиада кезінде Тұрсынбаеваның еркін бағдарламасын тамашаладым. Иә, төрттік айналымды соңына дейін таза орындаған жоқ. Десе де, қалған элементтерінің барлығы да қиын. Ол мұз айдынындағы міндетін сапалы әрі жоғары дәрежеде атқарды. Тұрсынбаеваның жоғары базалық ұпай жинайтын мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Қысқа бағдарламадан соң Алина Загитова одан 6 ұпай озып тұр. Бірақ Элизабетті қауіпті қарсылас ретінде қабылдау керек. Оның еркін бағдарламасы өте қиын элементтерден құралған. Осы чемпионаттағы ең қиын бағдарлама да Тұрсынбаеваға тиесілі", – деді Илья Авербух. 

Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан спортындағы тарихи жүлдеге қол жеткізді. Ол әлем чемпионатының қысқа бағдарламасынан соң кіші қола медальге иелік етті. 

Еркін бағдарлама бәсекесі ертең өтетінін естеріңізге саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу