Элизабет Тұрсынбаева тағы бір қиын элементті орындады

893

Үштік аксельді әйелдер арасындағы санаулы спортшы ғана орындайды.

Элизабет Тұрсынбаева тағы бір қиын элементті орындады

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева тағы бір қиын элементті орындай бастады, деп жазады Olympic.kz. 

Спортшының хореографы Данил Глейхенгауз әлеуметтік желіге Тұрсынбаеваның үштік аксель орындаған сәтін жүктеді. 

Үштік аксельді әйелдер арасындағы санаулы спортшы ғана орындайды.

Атап айтар болсақ, жапониялық Рика Кихира, ресейлік Елизавета Туктамышевалар әлемдік жарыстарда аталған элементті өз бағдарламасына қосып жүр. 

Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева төрттік сальховты әйелдер арасындағы ресми турнирлерде таза орындаған тұңғыш спортшы. Ол Сайтамадағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу