Элизабет Тұрсынбаева үздік бестіктің қатарына енді

981

Элизабет Тұрсынбаева үздік бестіктің қатарына енді

Францияның Гренобль қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан гран-придің бесінші кезеңінде әйелдер арасында жүлдегерлердің есімі белгілі болды. Өкінішке қарай қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева жүлделі орынға жетпей қалды, деп хабарлайды prosports.kz.

Қос сайыстың қортындысында Тұрсынбаева бесінші орыннан көрінді.  Ресейлік Алина Загитова (213,80 балл) мен Мария Сотскова (208,78) алғашқы екі орынды иеленсе, канадалық Кейтлин Осмонд (206,77) үздік үштікті түйіндеді. Бұлардың үшеуі де гран-при финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Қысқа және еркін бағдарламадан кейін Элизабет Тұрсынбаева 200,98 ұпай жинады.

Айта кетейік, мұның алдында Минскіде өткен Челленджер турнирінде Элизабет топ жарып, алтын жүлдені иеленген болатын. Э.Тұрсынбаева үшін басты мақсат Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсету екендігі белгілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу