Элизабет Тұрсынбаевадан бөлек қандай талантты жастар бар

733

Құралай Узурова Элизабет Тұрсынбаеваның ізін ала өсіп келе жатқан жас таланттардың есімін атады.  

Элизабет Тұрсынбаевадан бөлек қандай талантты жастар бар

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Құралай Узурова елімізде Элизабет Тұрсынбаевадан бөлек қандай талантты жастар барын айтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Қыздар арасында Алана Тоқтарова есімді талантты спортшымыз бар. Загребте өткен халықаралық турнирде үздік үштікке енді. Әзірге ол әлі жас, дегенмен, қиын элементтерді орындауымен көзге түсіп жүр. Оның бағдарламасында үш айналым каскад та бар. Алананың болашағынан үлкен үміт күтеміз. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында ерекшеленетін Мария Гречанаяны да атап өткім келеді. Тап осы қызымыз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында мықтылармен иық тірестіруі мүмкін. Жалпы алғанда, әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау бәсекесінде айтарлықтай резерв бар", ­– дейді бас жаттықтырушы.

Бас бапкер ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау сынында Денис Тен секілді бірден көзге түсетін спортшылар әзірге жоқ екенін айтады.

Сондай-ақ, Құралай Узурова Элизабет Тұрсынбаеваның бұрынғы бапкеріне қайта оралуына қатысты да пікір білдірді. 

"Тұрсынбаеваны кішкентай кезінен бері білемін. Ол өте батыл және күрескер қыз. Оның үстіне, Этери секілді мықты бапкердің қолына түсті. Сол себепті, одан енді тек жеңіс күтеміз. Лизаның арқасында келесі жылғы әлем чемпионатына үш квота жеңіп алдық. Мұның бәрі елімізде мәнерлеп сырғанау спортының кеңінен таралуына үлес қосуда", – дейді бас бапкер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу