Елизавета II Гарри мен Меганның шешіміне қарсы шықпады

630

Бірақ оларды бұрынғы мәртебелерінде көргісі келетінін жасырмады.

Елизавета II Гарри мен Меганның шешіміне қарсы шықпады

Британиялық патшайым Елизавета II Сассекс герцогы мен оның жұбайының жаңа өмір бастау туралы ниетіне қолдау білдірді. Бұған дейін Гарри мен Меган корольдік отбасыға тиесілі өкілеттігінен бас тартқан болатын. Осы орайда патшайым дүйсенбі күні Сандригем сарайында корольдік отбасының мүшелерін жинап, олардың тағдырына қатысты талқылау жүргізді. 

Елизавета II өзінің кенже немересі мен Меганның корольдік отбасыдан тәуелсіз өмір сүруін толықтай қолдайтынын білдірсе де, бірақ оларды бұрынғы мәртебелерінде көргісі келетінін жасырмады. 

Британиялық тақтан үміткер ханзада Чарльз бен қайтыс болған леди Диана Спенсердің ұлы Гарри мен америкалық актриса Меган Маркл 2018 жылдың 19 мамырында Виндзор сарайында үйленген. Тойдан кейін олар Сассекс герцогы мен герцогинясы атанды. Бұл 36 жастағы Меганның екінші мәрте тұрмыс құруы. Ол британиялық ханзаданың жұбайы атанған алғашқы мулат әйел және актриса. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу