Елизавета II: Үкімет 31 қазанға дейінгі Brexit-ке басымдық береді

798

Патшайым бұл мәлімдемені Ұлыбритания парламентінің жаңа сессиясын ашу барысында жасады.  

Елизавета II: Үкімет 31 қазанға дейінгі Brexit-ке басымдық береді

"Елдің Еуроодақтан 31 қазанға дейін шығуына менің үкіметім бұрыннан бері басымдық беріп келеді. Министрлер кабинеті ЕО-мен еркін алыс-беріс пен ынтымақтастыққа негізделген жаңа серіктестік байланысты орнатқысы келеді. Ұлыбритания үкіметі Brexit ұсынып отырған мүмкіндіктерді толықтай пайдалану үшін сауда, балық аулау және ауыл шаруашылығы салаларындағы жаңа ережелерді қарастыратын болады", – деді патшайым өз сөзінде.

Елизавета II мәлімдемелерінің басым бөлігі күн тәртібіндегі ішкі мәселелер жайында болды. Монархтың айтуынша, британиялық парламент ғылымды қажет ететін салаларды дамытуды әрі қарай жалғастырып, ғарышты игеруге үлес қосып, британиялық әскердің жауынгерлік қабілеттілігін демеп отырмақ. Бұрын ел премьері Борис Джонсон айтып кеткендей, патшайымның бұл жолғы сөз сөйлеуі үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты жоспарларына арналды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу