Елизавета Король нысана көздеуден әлем кубогінде сегіздікке енді

894

Қазақстандық спортшы 399 ұпаймен сегізінші орынға табан тіреді.

Елизавета Король нысана көздеуден әлем кубогінде сегіздікке енді

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нысана көздеуден лицензиялық әлем кубогі өтіп жатыр. Қазақстандық Елизавета Король 50 метрге үш әдіспен нысана көздеуден финалда бақ сынады, деп жазады Olympic.kz. 

Винтовкамен 50 метрге үш әдіспен нысана көздеуден іріктеу сынында Елизавета төртінші орын алған болатын. Алайда, финалдық сында жүлдеге таласу мүмкін болмады.  

Бұл бәсекеде жүлделі орындар Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Қытай спортшыларының еншісінде кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу