"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Эльмира Суханбердиеваны ұстау түрінде қолға алған шарасын биылғы жылдың 2 тамызына дейін, екі айға бекітті", – деп мәлім етті қалалық сот баспасөз қызметі.
Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы 1971 жылы 26 қазанда Атырау облысында дүниеге келген.
1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы:
Шевченко қаласындағы №16 орта мектептің тариф пәні мұғалімі (1989-1989);
Талдықорған облысындағы "Алтынай" балабақшасында тәрбиеші.
Талдықорған облысындағы № 53 Матай орта мектебінің тариф мұғалімі (1996-1997);
Алматы облысы Энергетика кентіндегі № 38 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі. (1997-1998);
Алматы облысындағы Энергетика кентіндегі № 38 мектеп-гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары(1998-2000);
Алматы облысы Іле ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық жұмысы бас маманы (2000-2002);
Алматы қаласындағы жекеменшік "Ай-Нур" лингвистикалық гимназия директорының міндетін атқарушы (2002-2005);
Алматы облысы Іле ауданының №7 орта мектебінің директоры (2005-2007);
Алматы қаласындағы "Қазақстан" АҚ республикалық телерадиокорпорацияның әкімшілік-құқықтық басқарма басшысы (2007-2009);
Алматы қаласындағы "Қазақстан" АҚ республикалық телерадиокорпорациясы аппаратының жетекшісі (2009);
"Arna Media Services" ЖШС бас директорының әкімшілік-құқықтық жұмысжөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы (2009-2009);
Астана қаласындағы № 60 мектеп-лицейдің директоры (10.2009-12.2013);
Астана қаласы білім басқармасы басшысы(2013-04.2016);
Мемлекеттік және халықаралық марапаттаулар: "Ерен еңбегі үшін" (2012), "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медальдары; "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы құрметті қызметкері" атағы. Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, "Дарын" республикалық ғылыми- тәжірибелік орталығының алғысхаттары, "Ы. Алтынсарина" төс белгісі.