Эльмира Сұханбердиеваның ісі сотқа жетті

659

Шенеунік маусым айында күддікке ілігіп, қамауға алынған болатын.

Эльмира Сұханбердиеваның ісі сотқа жетті Фото: ortcom.kz

Бұрынғы білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Сұханбердиеваның ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Алғашқы тыңдалым бүгінге белгіленген, ресми ақпарға сүйенсек, сағат 15:00-де басталуға тиіс. Процесті Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Бақытжан Есенов жүргізеді.

Еске салсақ, шенеунік маусым айында күддікке ілігіп, қамауға алынған. Оған "қызметін асыра пайдаланды", "пара алды" және "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" деген айыптар тағылған.

48 жастағы Эльмира Сұханбердиева 2017 жылдың тамызында вице-министр лауазымына тағайындалған. "Болашақ" бағдарламасымен Калифорнияда оқып, қызметінде бірер айға үзіліс жасағаны бар. Сол кезде де біраз шу шыққаны есте. Яғни, вице-министр "тестті өзі тапсырмады" деген күдік туған. Кейін бұл ақпар ресми жоққа шығарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу