Эльмира Сыздықова Азия ойындарының күміс жүлдегері болды

749

 Эльмира Сыздықова Азия ойындарының күміс жүлдегері болды

Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Qsport.kz.

Әйелдер күресінен 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен  Эльмира Сыздықова Азия ойындарының ақтық белдесуінде қытайлық балуанға есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты.

Айта кетейік, Эльмира Сыздықова  Рио олимпиадасында қола жүлдені еншілеп, әйелдер күресінен жүлделі орынға қол жеткізген тұңғыш қазақ қызы болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу