Әйелдер күресінен 76 келіде белдесетін Эльмира Сыздықова Токио ойындарына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
Сыздықова бірінші айналымда америкалық Аделина Грейгке есе жіберген болатын. Қарсыласы финалға жеткен қазақстандық балуан бүгін екі жұбаныш белдесуін өткізіп, жеңіске жетті. Сыздықова алдымен италиялық қарсыласын 10:0 есебімен ұтса, кейін Қытайлық Тайпей өкілін 11:6 есебімен ұтты. Осылайша, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бүгін 18:00-де қола медаль үшін кездесулер басталады. Сыздықова германиялық спортшымен белдеседі. Айта кетелік, бұл әйелдер күресінен иеленген екінші Олимпиада жолдамасы. Бұған дейін 50 келі салмақтағы Валентина Исламова турнирдің қола жүлдегері атанып, Олимпиада лицензиясына қол жеткізген болатын.