Елімізде шегірткеге қарсы 700 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді

291

Бүгінгі таңда қорғаныс шаралары 13 өңірде жүргізілуде.

Елімізде шегірткеге қарсы 700 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді Фото: АШМ

Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және өзге де материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 700 мың гектар жер химиялық өңдеуден өткізілді, бұл жоспарланған 2,2 млн гектар көлемнің 31,8%-ын құрайды.

Өңдеу жұмыстарын жүргізуге 236 бірлік мамандандырылған бүрку техникасы жұмылдырылды.

Жұмыстардың орындалу қарқыны Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында жоғары деңгейде байқалуда.

Мониторинг нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдану деректері тіркелген жоқ.

Республика аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы мониторингтік зерттеулер мен химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу