Елнұр Бейсенбаев: Қылмыс жасайтындардың 20 пайызы лудомандар

911

Әрбір бесінші жас букмекерлік кеңселерде бәс тігеді.  

Елнұр Бейсенбаев: Қылмыс жасайтындардың 20 пайызы лудомандар Фото: БСМП Гродно

Бұл туралы депутат Елнұр Бейсенбаев Мәжілісте өткен ойын бизнесін реттеуге арналған заң жобасының таныстырылымында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өкінішке қарай, лудомания қазір әскерде де кең етек алған. Бұрын сарбаздар арасында әлімжеттік бар болғанымен, суицид өте сирек кездесетін. Қазір әлімжеттік азайғанымен, сарбаздардың өзіне қол жұмсауы жиілеп кетті. Олардың көбі құмар ойынның шырмауынан шыға алмай, осындай жантүршігерлік қадамға барып жатыр. Сонымен қатар қылмыс жасайтындардың 20 пайызы лудомандар екені белгілі болды. Олар бәске тігетін ақша табу үшін алдымен қарыз алады, содан соң ұрлық, тонау секілді қылмыстарға барады екен", - деді халық қалаулысы.

Мәжілісмен мектеп оқушылары да бәс тігетінін баса айтты. Айтуынша, жеткіншектер ересек туыстарының атынан тіркеліп, құмар ойын ойнайды.

"Шамамен еліміздегі әрбір бесінші жас букмекерлік кеңселерде бәс тігеді. Бұл – 1 миллионнан астам жас кемінде бірнеше рет құмар ойынға бәс тіккен деген сөз. Бұрын ойын автоматтарымен ойнаса, енді оның барлығы онлайнға көшті", - деді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу