Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды, деп жазады inbusiness.kz.
Жиын барысында оның кандидатурасын партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттар оны бірауыздан қолдады.
Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды.
Биыл 4 қаңтардан бастап AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу