Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ең әуелі маған маңызды әрі жауапты міндетті жүктеп, үлкен сенім білдірген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіргім келеді. Мәжіліс мінберіндегі бес жылдық қызмет мен үшін саяси мектеп болды. Толассыз тәжірибе мен шынайы мемлекетшіл әрі отаншыл болуды осы мінберде үйрендім", – деді Елнұр Бейсенбаев.
Айта кету керек, бұған дейін Елнұр Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалғанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу