Елодада № 29 бағдар өз қозғалыс бағытын өзгертеді

1403

Енді ол "Жағалау-4" ауданына соғатын болады.

Елодада № 29 бағдар өз қозғалыс бағытын өзгертеді

Жаңа сызба бойынша қоғамдық көлік осы сенбіден бастап жүретін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
"Мұндай жаңашылдықты енгізуміздің басты мақсаты – Е-10 көшесінің тұрғындарын ("Құлагер", "Шығыс", "Сity lake", "Аққу", "Green Park", "Зеленый квартал", BI City Seoul", "Smart city" тұрғын үй кешендері), сондай-ақ "Жағалау-4" ТК көліктік қызметпен қамтамасыз етуді оңтайландыру", – делінген "Astana LRT" ЖШС баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
 
Қоғамдық көлік бастапқы ""Хан шатыр" СОСО" аялдамасынан Тұран даңғылының бойымен жүріп, оңға бұрылып, Е-10 көшесіне өтеді. Е-10 көшесінің бойымен қозғалатын автобус бұдан кейін солға бұрылып, Ш. Айтматов көшесімен, содан соң солға бұрылып, Е-16 көшесімен "Жағалау-4" ТК дейін жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік айналып, Тұран даңғылы мен Е-10 көшесінің қиылысына дейін жоғарыда көрсетілген қозғалыс сызбасына, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес жүретін болады.  
 
Кері бағытта автобус бастапқы ""Дәурен" балабақшасы" аялдамасынан соңғы ""Хан шатыр" СОСО" аялдамасына дейін өзгеріссіз қозғалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу