Жуырда елордада ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жаңа алаң ашылатын болады. Ол мегаполистің стартап-қауымдастығын дамытуға және қолдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Жобаны Астана әкімдігі Астана Innovations АҚ, Seedstаrs Халықаралық бизнес-инкубаторы және BI Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырады.
Астана Innovations ақпаратына қарағанда, бұл алаң Seedstars бастаған ТМД-да алғашқы коворкинг-орталығы болмақ, оның желісіне бүкіл әлем бойынша 70 мыңнан астам стартап кіреді. Ол жылына 365 күн тәулігіне 24 сағат ашық және қалалық міндеттерді шешуге арналған. Резиденттердің қызметтеріне менторлардың, кеңесшілердің, техникалық мамандардың үлкен желісі енеді. Сонымен қатар, мұндай формат тек коворкинг-кеңселерді ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың өмір сүруі үшін коливинг-кеңістікті де қарастырады.