Елодада шала туған балаларды тегін емдейтін катамнестикалық кабинет ашылды

1079

Елодада шала туған балаларды тегін емдейтін катамнестикалық кабинет ашылды

Астананың№3 перинаталдық орталығында шала туған балаларды емдейтін катамнестикалық кабинет ашылды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас неонатологы  аптасына  бір рет  аталған кабинетте екі ай мен 1,5 жас аралығындағы балаларды тегін қарайды, деп хабарлайды Елорда инфо. 

Бүгінде 40-қа жуық балаға массажист, невропатолог мамандар көмек көрсеткен. Алдағы уақытта ортопед, хирург, неонатолог,  ЛФК  мамандармен толықтыру көзделіп отыр.

"Көбінесе мерзімінен бұрын туған, салмағы 1000 граммнан төмен балалар келеді. Біздің бөлімде ем қабылдауы үшін жергілікті емхананың невропотолог маманынан жолдама алуы керек", - деді №3 перинаталдық орталықтың неонаталды қызметінің жетекшісі Алтынай Лапушкина. 

Орталық дәрігерлерінің айтуынша, мамандардың қабылдауы мен ем шараларының барлығы тегін.

"Бұл бөлменің ерекшелігі – біз реанимациялық немесе жаңа туған сәбилерді күту бөлімінен өткен туғаннан денсаулығында ақауы бар балалармен перинаталдық орталықтан шығарылғаннан кейін де жұмыс істейміз", - деді бөлім меңгерушісі. 

Қалалық денсаулық  сақтау басқармасының штаттан тыс бас неонатологы Қарлығаш Жұбанышева аптасына бір рет аталған бөлімшеде балаларды қабылдап, тегін консультация өткізетін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу