Елодадағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетінің жай-күйіне талдау жүргізілді

703

2018 жылы 486 қызмет көрсететін ұйымға (1 265 үй бойынша) қатысты тексеру жүргізілген.

Елодадағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетінің жай-күйіне талдау жүргізілді

Елорданың қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы үйлердің қасбетінің жай-күйіне талдау жүргізіп, оларды жөндеу алгоритмін әзірлеуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдікте өткен отырыста қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев 2018 жылы 486 қызмет көрсететін ұйымға (1 265 үй бойынша) қатысты тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.

"2018 жылы жүргізілген жұмыстардың қорытындыларына сәйкес басқарма мен мониторинг және жедел әрекет ету орталығына жүгінулер саны 80%-ға төмендегенін атап өту қажет", – деді ол.

Тексеру қорытындысы бойынша, 466 ұйғарым берілді, 20 тексеріс барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. 439 ұйғарым көрсетілген мерзімде шешімін тапса, 27 ұйғарым орындалмағандықтан сот органдарына жіберілді, оның 19-ы сот шешімімен заңды күшіне енді.

Басқарма басшысының айтуынша, талдау қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын қызмет көрсететін ұйымдардың қаражатын үнемдеу есебінен және "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" шеңберінде қайтарымды қаражат есебінен жүргізу жоспарланып отыр.

"Бүгінгі таңда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қызмет көрсететін ұйымдардың жалпы санынан 60%-дан жиналатын қаражаттың шығыс бөлігі туралы ақпарат алды. Қалған 40%-ы ақпарат берген жоқ, сондықтан басқарма 2019 жылдың 25 ақпанына дейін үйлер мен қызмет көрсететін ұйымдардың тұрғындарымен  кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Мәліметтер ұсынылмаған жағдайда, басқарма қызмет көрсететін ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу үшін материалдарды тиісті органдарға жіберуге мәжбүр болады", – деп қосты Төлеген Құлышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу