Елодалық саябақтар мен музейлер жеке меншік компаниялардың басқаруына беріледі

863

Елодалық саябақтар мен музейлер жеке меншік компаниялардың басқаруына беріледі

Осы бағыттағы жұмыстарды әкімдік алдымен шағын саябақтар салудан бастамақ. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді. Оның айтуынша, осы арқылы қала бюджетіне ауыртпалық азайтылады, деп хабарлайды naryk.kz.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда қала көшелерін жарықтандыру, бейнебақылаумен қамту, такси қызметі мен білім беруде бірқатар бизнес жобалар іске асырылуда. Олар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша жүзеге асырылуда. Қазір мұндай жобалардың саны 30 шақты.

"Әрине, энергетика, коммуналды қызмет секілді салалар бұлардан қиынырақ", — деді Исекешев.

Оның айтуынша, әкімдік аквапарк, музей мен спорттық және мәдени нысандар салуда да бизнеспен әріптестік орнатпақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу