Елорадаға Қарағандыдан "Sputnik V" вакцинасының кезекті партиясы жөнелтілді

827

"Sputnik V" вакцинасының кезекті партиясы елордаға жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сенбіде Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорадаға Қарағандыдан "Sputnik V" вакцинасының кезекті партиясы жөнелтілді

"Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені елорда тұрғындарын вакцинациялау үшін "Sputnik V" екінші компонентінің кезекті траншын жөнелтті. Жалпы алғанда, Нұр-Сұлтан қаласы 148 745 доза алады", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі "препаратты тасымалдаудың маңызды шарты суық тізбекті сақтау" екенін еске салды.

Қазақстан тұрғындарына COVID-19-қа қарсы вакцина салу 1 ақпанда басталды. Бастапқыда Қазақстанға әкелінген ресейлік "Sputnik V" вакцинасы салынды, ал 23 ақпанда Қарағандыда шығарылған ресейлік препарат қосылды.

Коронавирусқа қарсы вакцина елдің 18 жастан асқан және қарсы көрсетілімдері жоқ барлық азаматтарына тегін салынады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу