Қаланың коммуналдық қызметі кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Күн сайын елордада қар күреуге 2 000-нан астам арнайы техника мен 1 900-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылады.
Өткен тәуліктің өзінде қаладан 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды.
Қазіргі уақытта қалада төрт қар полигоны жұмыс істейді. Онда елордадан жиналған қар шығарылады. Тағы 6 полигон – резервте.
Бірінші кезекте, тәртіпке сәйкес жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер, алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.