Елорда әкімдігі Астанаға ақылы кіру жобасын қарастыруда

841

Қалаға күн сайын алты магистраль бойынша орта есеппен 82 000 көлік құралы келіп-кетеді екен.

Елорда әкімдігі Астанаға ақылы кіру жобасын қарастыруда

Ақылы кіруді тек таңғы жұмысқа барар уақытта ұйымдастыру жоспарлануда, басқа уақытта көліктің кез келген түрі үшін жол жүру толығымен тегін болады, деп хабарлайды elorda.info.

Қаланың жол желісіне жүктемені төмендету мақсатында қалаға ақылы кіру жобасы пысықталу үстінде. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун хабарлады.

"Жүргізілген зерттеулер мен Астанаға келетін көліктің кешенді талдауы көрсеткендей таңғы 7 мен 9 аралығында көлік санатына байланысты кірудің ақылы болуын енгізу көлік құралдары қозғалысы ағынының орташа жылдамдығын 15-20-ға арттыруға мүмкіндік береді. Аталған жобаны жүзеге асыру МЖӘ аясында жоспарланған", - деп түсіндірді әкімнің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, ақылы кіруді тек таңғы жұмысқа бару уақытында ұйымдастыру жоспарлануда, басқа уақытта көліктің кез келген түрі үшін жол жүру толығымен тегін болады.

Бүгінгі таңда, оның сөзінше, қалаға күн сайын алты магистраль (Астана-Қараганды, Астана-Қостанай, Астана-Павлодар, Астана-Қосшы, Астана-Қорғалжын, Астана-Көкшетау) бойынша орта есеппен 82 000 көлік құралы келіп-кетеді екен.

Негізгі жүктеме таңғы сағат 07.00-ден 10.00-ге дейін - 13 500 көлік (шамамен 17%) келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу