"Айналым тетігі" жобасы жалғасуда, тауар өндірушілермен тікелей жеткізуге қосымша шарттар жасалды, жыл бойы жәрмеңкелер (Пригородный ТМ, Арнасай к-сі, 109), сауда үстемесінің сақталуын бақылау және т. б. жүргізілуде",- дейді әкімдіктен.
Қала әкімдігі Түркістан облысынан шамамен 3 мың тонна ерте пісетін көкөніс экспорттаған. Бірінші партия жеткізілген. "Олардың бағасы нарықтық бағадан 15%-ға төмен болады".
Бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасын тұрақтандыру үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-мен 9 мың тоннадан астам астық жеткізу туралы меморандумға қол қойылған.
"Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Оларға сауда үстемесі тауар өндірушіден немесе көтерме жеткізушіден сатып алу бағасының 15%-ынан аспауға тиіс. Комиссия сауда үстемесінің шекті мөлшерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Бұзушылықтар болған жағдайда, сауда субъектілері жауапкершілікке тартылады. Қайта бұзылған жағдайда, сауда субъектілеріне: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 75 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады",- деп ескертеді шаһар басшылығы.
Азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуі туралы өтінішті басқарма мекенжайына электрондық үкімет порталы арқылы немесе Бейбітшілік көшесі, 11, № 113 кабинет мекенжайы бойынша жіберуге болады.