Елорда әкімдігі балықтардың қырылуына қатысты түсінік берді

808

Нұр-Сұлтан әкімдігі ботаникалық бақтағы балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елорда әкімдігі балықтардың қырылуына қатысты түсінік берді

Елорда әкімігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ботаникалық бақта балықтар өсірілмейді. Ондағы тоған қолдан жасалған, әрі тек суару жүйесінің, субұрқақтың қызметін атқарады.

"Есіл ауданының әкімдігі жасанды су айдынында балық өсірмейді, өйткені бұл су айдыны балықтардың тіршілігіне арналмаған. Балық шабақтары тоғанға табиғи жолмен Нұра арнасы арқылы кірген болуы мүмкін, тоғанға су арна арқылы келеді. Резервуардың тереңдігі – 0,5 м-ден 3,5 м-ге дейін. Күн суыта бастаған кезде резервуар түбіне дейін толығымен қатып қалады. Тоған жасанды болғандықтан қыста ойықтар көмектеспейді, өйткені тоған балықтың өмір сүруіне арналмаған", – деп жазылған хабарламада.

Күн жылынғаннан кейін әкімдік тоғанда тазарту жұмыстарын жүргізбек.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу